Әлеуметтік желіде Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне қойылған чектің суреті жарияланды.

Жергілікті букмекерлік компаниялардың бірінде қазақстандық жанкүйер Головкиннің жеңісіне төрт түрлі "ставка" қойды. Яғни ол Геннадий төртінші, бесінші, алтыншы немесе жетінші раундта жеңеді дегенге бір миллион теңгеден қойып, төрт миллион қаражат жұмсаған.

Бұл дегеніміз егер GGG төртінші және жетінші раундтар аралығында жеңіске жететін болса, оның "ставкасы" шығады.