«Атыраудың» қорғаушысы Уча Лобжанидзе мен шабуылшы Владимир Двалишвали Грузия ұлттық құрамасына шақырту алды.

24 наурызда грузиндер 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында серб футболшыларымен кездеседі. Ал 28 наурызда грузиялықтар Латвия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығады. Екі ойын да Тбилисидегі «Динамо Аренада» өтеді.