14-ші наурыз Туникеде (АҚШ, Миссисипи штаты), орта салмақта WBC рейтингісіндегі бесінші боксшы, 2007 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, WSB-дің екі дүркін жеңімпазы, украиналық Сергей Деревянченко ямайкалық жеңілмеген боксшы Кемал Расселмен жұдырықтасты, деп хабарлайды akboxing.ru.

Бірінші раундта Рассел басым болғандай көрінген. Екінші кезеңде екі боксшы тең дәрежеде жұдырықтасты. Үшінші және төртінші раундтарда екі боксшы да белсенді болып, көп соққы жұмсады. Бесінші раундта Деревянченко қарсыласын есінен тандырып, ауыр соққалырдың астына алды. Араға төреші түсіп, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.