Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 21-26 наурызда Германияда жиын өткізеді.

23 наурызда біздің команда «Кайзерслаутерн» футбол клубының жастарымен жолдастық матч өткізеді. Ал 28 наурызда Владимир Никитенко шәкірттері 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Любксембурге қарсы матч өткізеді.

Шақырту алған футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Олег Грубов («Қайрат»), Сұлтан Бусурманов («Тобыл»), Тимур Закиров («Қызыл-Жар СК»).

Қорғаушылар: Ян Вороговский («Қайрат»), Айбол Абикен («Қайрат»), Дәурен Мәжітов («Атырау»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Валерий Леньков («Ертіс»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»), Александр Соколенко («Қызыл -Жар СК»), Бекзат Шадманов («Тараз»).

Жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан («Астана»), Рашид Люхай («Қайрат»), Максим Гладченко («Қайрат»), КҚуаныш Қалмұратов («Атырау»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Демият Сламбеков («Оқжетпес»), Иван Антипов («Ақжайық»), Самат Шәмші («Ордабасы»).

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Максим Федин («Оқжетпес»), Темірлан Эльмурзаев («Тобыл»), Юрий Перцух («Ақжайық»).

Бапкерлік штаб: Владимир Никитенко – аға бапкер, Юрий Коньков – аға бапкердің көмекшісі, Игорь Свечников - аға бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылар бапкері, Сергей Елисеев - дәрігер, Евгений Карнаухов - массажист, Тимур Құсайынов - сарапшы, Александр Брейткрейц - менеджер, Музаффар Абдулсатаров - әкімгер.