«Астана» мен «Атырау барыстары» командалары баскетболдан Қазақстан кубогының финалында өзара күш сынады. Бұл матчтың шешуші финал екені алғашқы минуттардан-ақ сезілді. Командалардың жеңіске деген ынталары зор болды. Ойынның бірінші жартысы «Астана» командасының жеңісімен аяқталды. Матчтың үшінші кезеңінде де атыраулықтар астаналықтарды қуып жете алмады. Үшінші кезеңде 38:47 есебімен «Астана» басымдық танытты. Фолдар саны жайлы айтатын болсақ, екі команда да бірдей фол санын жасады деп айтуға болады. Әсіресе, кездесудің соңында шаршаған ойыншылар бірінен соң бірі ескертулер алды. Жалпы, «Астана» командасы тартысты, қызықты да көрнекті ойын үлгісін көрсетті. Финалдағы матч 66:46 есебімен аяқталды. Қазақстан Кубогын «Астана» баскетбол командасы жеңіп алды.

Одан бөлек, Кубок 2017 финалының бірінші матчында жартылай финалдың жеңімпаздары кездесті. Қостанайлық «Тобыл» мен ақтаулық «Каспий» командалары турнирдің жүлделі орындарын сарапқа салды. Финалдағы матч қызықты да тартысты өтті. Кездесу ақтаулық «Каспийдің» жеңісімен аяқталды. Есеп - 86:99.