«Вест Бромовичтің» бапкері Тони Пьюлис клубтың Джон Терриге қызығып жатқанын айтты.

Бұған дейін Терридің командадан кететіні хабарланған еді, себебі «Челси» онымен келісім-шартты ұзартқан жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Джон Терри «Челси» сапында 1998 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда клуб сапында бес матч қана ойнады.