WBA/WBC/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин болашақ қарсыласы Дэниэл Джейкобстың артықшылықтары көбірек екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Boxingnews24.com.
«Біздің айқаста нокауттың болатынын айта алмаймын. Бұл - бокс. Джейкобс өте жақсы боксшы, оның күші менікіне қарағанда көп болуы мүмкін. Ол мен үшін ең қауіпті қарсыластардың бірі. Ол рингте өзін жақсы ұстайды. Оның техникасы керемет. Оны құрмет тұтамын, керемет жігіт», - деген Головкиннің сөзін келтіреді Boxingnews24.com.