«Барыстың» капитаны Брэндон Боченски магниторскілік «Металлургке» қарсы ойнай алады.

Бұл туралы елордалық клубтың бас бапкері Эдуард Занковец мәлім етті. Оның айтуынша, Боченски басқа хоккейшілермен бірге жаттығу жасап жатыр және магниторскілік «Металлургке» қарсы серияда айдынға шыға алады.