«Барыс» - «Металлург» кездесуіне билеттер 8-ші наурызда сатылымға шығады.

«Барыс» хоккей клубының ресми сайты «Металлургпен» болатын ойында билеттердің бағасы өспейтіндігін хабарлады.

Билеттер бағасы 1000 теңгеден басталады. Кассалар күн сайын үзіліссіз 11:00-ден 20:00-ге деййін жұмыс жасайды.

Астанада «Барыс» пен «Металлург» арасында кем дегенде екі ойын өтеді.

13 наурыз 19:30

15 наурыз 19:30

Сондай-ақ, «Барыстың» қарсыласы «Металлург» та жартылай финалға билеттерді сатылымға шығарды.