Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» келесі кезеңде «Металлургпен» кездеседі.

24.kz порталының хабарлауынша, 4 жеңіске дейін тұратын серияның алғашқысы Магнитагорск қаласында өтеді. Ойындар - 9-шы және 11-ші наурыз күндеріне жоспарланған. Ал одан кейінгі жауапты матчтар 13 және 15 наурыз күндері Астанада ойналады. Шығыс конференциясының жартылай финалына дейін «Металлург», Қытайдың «Кун-лунь Ред Стар» командасын жеңіп шыққан болатын.