Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбовтің келесі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Жерлесіміз 10 наурызда АҚШ-тың Детройт қаласында (Мичиган) 39 жастағы америкалық Гилберт Венегаспен (15-26-5, 8 КО) қолғап түйістіреді. Бокс кеші MGM Grand Detroit аренасында өтеді. Жартылай орта салмақта өтетін кездесу 6 раундтан тұрады. Бұл кешті америкалық Showtime телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге салайық, Эюбов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, оның ішінде он кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған.