Жеңілмеген америкалық боксшы Кит Турман отандасы Дэнни Гарсияны жеңді. Айта кетейік, Гарсия үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс.

Бруклиндегі Barclays Center-де өткен кездесу жоспарланған 12 раундқа созылды. Жеңімпаз төрешілердің шешімімен анықталған. Төрешілер шешімі: 116-112 және 115-113 Турманның пайдасына, 115-113 Гарсияның пайдасына.