«Барыстың» Гагарин кубогындағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңде «Барыс» магнитогорсктық «Металлург» командасымен кездеседі.

Олар Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасын жеңген болатын. Сериядағы есеп 4:1.