Америкалық боксшы Дэниел Джейкобстың бапкері Андре Розье қазақстандық Геннадий Головкинге қатысты өз ойын білдірді. «Головкиннің күші көп. Бірақ ол бір соққымен бәрін құлатады деп айта алмаймын, оның көп жеңістері техникалық нокаутпен аяқталған. Яғни, Геннадий қысым жасай бергеннің арқасында жеңіске жетеді. Тіпті Келл Бруктың өзін Головкин құлата алмай кетті. Дэнни бір соққымен-ақ жекпе-жек тағдырын шеше алады», - деді Розье Boxing Scene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі наурыздың 19-ы, Нью-Йорк қаласында жұдырықтасады.