Испания біріншілігінің 25-ші туры аясындағы «Депортиво» мен «Атлетико» арасындағы ойын 1-1 есебімен аяқталды.

Алаң қожайындары қатарынан Флорин Андоне гол соқса, қонақтардан Антуан Гризманн дәл соққымен көзге түсті. Осы голының арқасында Гризманн Испания біріншілігінде соққан голдарының санын 100-ге жеткізді.

«Депортиво» – «Атлетико» – 1:1 (1:0)

Голдар: Андоне 13 - Гризманн 68

Ескерту алғандар: Андоне 14, Луизиньо 45+1, Годин 75

«Депортиво»: Люкс, Хуанфран, Аррибас, Сидней, Луизиньо (Лауре 82), Борхес, Москера, Чолак (Бергантиньос 78), Файр, Какута (Наварро 53), Андоне.«Атлетико»: Облак. Врсалько, Годин, Хименес, Луис, Габи, Коке (Гайтан 57), Партей, Корреа (Карраско 57), Гризманн, Гамейро (Торрес 65).