Велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық жарыста жеңімпаз атанды. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Дүбірлі доданың жалауы бүгін желбіреді. Бахрейнде өтіп жатқан жарыста ел намысын Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Бахтияр Қожатаев, Андрей Зейц және Жандос Бижігітов сынды «Астана» велоклубының шабандоздары қорғады.

Екінші орынды Жапония шабандоздары иеленсе, үздік үштікті Гонконг спортшылары түйіндеді.