Италиялық Клаудио Раньери «Лестер Ситиден» қызметінен кеткен соң қайырымдылыққа 1,5 миллион еуро берді.

Англия чемпионы бапкерімен келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін Раньериге 3,5 млн еуро берген болатын.

Айта кетейік, Клаудио Раньери былтыр «Лестерді» Англия чемпионы қылып, кейін Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне алып шыққан болатын. Бірақ биылғы маусымда чемпионатта сәтсіз өнер көрсеткендіктен, өз қызметінен кетті.