«Golden Boy» промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де ла Хойя бокс жанкүйерлері асыға күтіп жүрген Альварес – Головкин кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін айтты. - Біз Головкиннің командасына ұсыныс тастадық, енді оның жауабын күтеміз. Альварес Чавесті ұтып жатса, келесі қарсыласымыз «Triple G» болмақ. Бұл жекпе-жекті қыркүйек айында ұйымдастыруға ниеттіміз. Біз ешқашан мықтылардан қашқан емеспіз. «Канело» Мэйвезер, Котто, Мосли, Лара сынды жұлдызды боксшылармен жұдырықтасқан. Ол ешкімнен қорықпайды. Бірақ қазіргі таңда, бар ойымыз Чавеске қарсы кездесуде, - деді Де ла Хойя BoxingScene сайтына.