Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы ауысты.

ҚФФ-ның ресми сайтына сүйенсек, ресейлік маман Александр Бородюк Талғат Байсуфиновтың орнын басты.

Талғат Маруанұлы бұдан былай ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің техникалық директоры қызметін атқарады.

Естеріңізге сала кетсек, Бородюктың соңғы жұмыс орны алматылық «Қайрат» болатын.

Қазақстан футбол Федерациясы 54 жастағы ресейлік бас бапкермен үшжылдық келісімшартқа отырды.