УЕФА-ның тәртіптік бақылау комисиясы киевтік «Динамо» мен стамбұлдық «Бешікташ» клубтарына 60000 еуро айыппұл салды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. Еуропа лигасы ойынының алдында украиналық және түркиялық жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алды. «Олимпиский» спорт орталығының алдында 70 жанкүйер бір-біріне файерлер мен түтіндейтін заттар лақтырған. Соның салдарынан бірнеше сән салоны мен ақша айырбастау орталығының терезесі сынды. Ал украиналық басылымдардың айткынша, қақтығыстың салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Айта кетейік, УЕФА екі команданы да 60 000 еуро айыппұлмен жазалады.