Ота жасатып ми ісігін алдыртқан «Қайрат» футзал клубының ойыншысы хал-жағдайы туралы айтты.
«Қолдауларыңызға рақмет! Кеудем ауырып салдарынан мида ісік пайда болды. Сан Паулудағы дәрігерім «жазыласың» деп айтты, сондықтан үміт оты маздайды. Химиотерапия жасаудың қажеті жоқ екен, дәрі-дәрмектердің көмегімен емделіп кететін шығармын. Қазір жағдайым жақсы, уақыт өте тәуір болам» - деді Нето.