Назарларыңызға ойыннан кейінгі баспасөз маслихатындағы «Барыс» пен «Трактор» бапкерлерінің сөзін ұсынамыз.

«Трактор» командасының бас бапкері Анвар Гатиятулин:

- Бірінші кезекте командама жанкешті ойыны үшін алғыс айтамын. Ойынның бірінші минутынан соңына дейін бар күшімізді салып ойнадық. Өкінішке орай өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық.

«Барыс» командасының бас бапкері Эдуард Занковец:

- Өте ауыр ойын болды. Барлық алпыс минут бойында бір бәсеңсіуге мүмкіндік бермеді. Жігіттер жарады. Шыдап, соққыға жауап қатпау жөнінде тапсырма болды. Жігіттер көп жағдайда сол тапсырманы орындады . Үшінші кезеңде қақпашы мен қорғаушылардың керемет ойынын атап өткім келеді.

Естеріңізге салсақ, «Барыс» өз алаңында «Трактор» командасын 3-1 есебімен жеңіп, жалпы серияда алға шықты. Қос команда арасындағы келесі ойын 28-ші ақпанда өтеді.