Испания премьерасының 24-ші турының орталық кездесуі «Атлетико» мен «Барселона» арасында өтті.

Кездесудің бірінші таймында қос команда гол соға алмады. Есесіне екінші таймда үш бірдей гол соғылды. Алдымен Рафинья «Барселонаны» алға шығарса, араға алты минут салып Годин есепті теңестірді. Каталондық клубқа үш ұпай алып келген жеңіс голын ойынның 86-шы минутында Месси соқты.

Испания. Примера. 24-ші тур

«Атлетико» - «Барселона» 1:2 (0:0)

Голдар: Годин 70 - Рафинья 64, Месси 86.

«Барселона» осы жеңісінен кейін турнирлік кестеде бірінші орынға шықты. Дегенмен, осы турдағы ойынын «Реал» кейінірек өткізеді.