Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қысқы Универсиада 2017 додасына қатысқан ресейлік спортшыларға алғыс айтты.

Бұл туралы «Матч-ТВ» арнасының твиттер парақшасында хабарланды.

Естеріңізге салсақ, Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарында Ресей спортшылары жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алған.