Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Азия ойындарының аясында өткен турнирды қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

- Біз тунирдегі үздік матчымызды өткіздік. Жігіттер қойылған тапсырманы орындады. Ойын басынан басымдықты өз қолымызға алып, өрескел қателік жібермеуге тырыстық.

- Сіздерден қуаныш сезілмейтін секілді…

- Басында құрамаға бір ғана тапсырма берілді. Ол - жеңіске жету. Біз оны орындадық. Ал, эмоция... кейінірек келеді. Қазір біз тапсырманы орындағанымыз үшін қуаныштымыз.

- Осы турнирде бідің құрама таза ойнады, «лас» ойынға жол бермеді. Бұның сыры неде?

- Себебі, біздің хоккейшілердің деңгейі басқа қарсыластарымыздан әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, біз жарыстағы төрешілердің де ерекшеліктері жайлы білдік. Сондықтан да жігіттерге сабыр сақтау керек екенін ескертіп, ашу-ызаның бәрін шайба соғуға жұмсау қажет екенін айттық.

- Төрешілерге айтар назыңыз бар ма?

- Жоқ. Төрешілер жоғары деңгейлі болды. Себебі, бұл жерде Олимпиадада қызмет атқарған реферилер қазылық етті.

- Ең басты сұрақ: енді не болады?

- Біз үйге 1-ші наурыз келеміз. 2-сі күні көптеген хоккейшілердің ойындары басталады. Содан кейін, әлем чемпионатының бірінші дивизионына дайындық басталады. Осы құрамадағы бірнеше ойыншы әлем чемпионатына баруы мүмкін. Жұмыс кестеміз тығыз жасақталған. Сондықтан да қуануға уақыт жоқ.