Calciomercato.com хабарлағандай, «Ювентустің» бас бапкері Массимилиано Аллегри «Барселонаның» тізгінін ұстауы мүмкін.

Порталдың берген ақпаратына сүйенсек, каталониялықтардың спорттық директоры Ариедо Брайда басышылықтан 49 жастағы маманды алуды сұраған.

Сонымен қатар, бұл қызметке Рональд Куман («Эвертон») мен Маурисио Почеттино («Тоттенхэм Хотспур») үміткер ретінде қарастырылуда.