Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова өзіне келіп жатқан ұсыныстар туралы айтты.

«Жоспарларымызды қатты өзгертіп жібердік. Қазақстан мен Ресейден киноға, телебағдарламаларға түсуге ұсыныстар түсті. Жақын арада голливудтік режиссерлермен танысып, «Тақтар ойыны» секілді жобаларда кастингтен өту үшін Америкаға аттанбақ болғанбыз. Бірақ командаммен бірге бұл ойдан бас тарттық, себебі қазір бірінші орынға титулды жекпе-жекке дайындықты қою керек», - деді Шәріпова AllFight.Ru порталына берген сұхбатында.