Болгариялық «Ботевтің» қорғаушысы Даниэль Златков Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sportal.bg берген ақпарат бойынша, жақын күндері 27 жастағы ойыншы шетелдік клубтардың бірімен келісімшартқа отыруы мүмкін. Златковқа Қазақстан, Беларусь, Швеция, Норвегия және Қытайдан ұсыныс түскен.