«Ертіс» ФК жартылай қорғаушы Нұрбол Жұмасқалиевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды керекулік клубтың баспасөз қызметі.

35 жастағы футболшымен келісім шарт 1 жылға жасалған. Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан чемпионатында 1998 жылдан бері ойнап келеді. «Нарын», «Жетісу», «Локомотив» (Астана) және «Тобыл» сапында өнер көрсеткен.