Қазіргі күні құрылыс алаңын тазартып, құрылғыларды жинау жұмыстары жүріп жатыр.

Жұмыс бірнеше ауысым бойынша жүргізілуде. Жоба бойынша, шығыс бөлігінде екінші қабат пайда болмақ. Трибуналардың астында орналасқан бөлмелер қайта жасалып, жүгіру жолақтары өңделеді жəне алаңның шөбі ауыстырылып, жылытатын құрылғымен жабдықталады. Сонымен қатар, стадионды заманауи стандартқа сəйкестендіртін бірқатар жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.