1999-шы жылға дейінгі туылғандардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда ОЖЖ-ын өткізеді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері Александр Кузнецов «Астана» қатарынан жиынға бес ойыншы шақырған. Қорғаушылар Дінмұхамет Кашкен, Талгат Кусяпов, Санжар Айтым жартылай қорғаушы Руслан Махан және шабуылшы Лев Скворцов шақырту алған ойыншылар қатарында, деп хабарлайды «Астана» клубының ресми сайты.

Сондай-ақ, команданың қорғаушысы Сағи Совет та құрамаға шақырту алған болатын. Алайда жарақатына байланысты ол командада қалды.