Соңғы бір ай көлемінде «Ақтөбеде» қаралымда жүрген Жақып Қожамберді команданың Түркиядағы жиынын тастап кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Жақып қаралымда жүріп команда үшін бірнеше жолдастық кездесуге қатысты.

Кеше «Ақтөбе» командасының бапкерлер қосыны ақылдаса келе Жақып Қожамбердімен келісім шарт жасаспау туралы шешімге келді.