«Лестер Сити» ресми түрде команданың бас бапкері Клаудио Раньериді жұмыстан босатты.

Англия чемпионатындағы сәтсіз нәтижелерге байланысты ел чемпионы бас бапкер ауыстыруды жөн көрді.

Естеріңізге сала кетсек, Клаудио Раньери 2015-ші «Лестердің» тізгінін ұстап, келесі жылы Англия чемпионатын жеңіп алған болатын.

Жаңа бас бапкердің есімі жақын күндері белгілі болады.