«Столицаның» ойыншысы «Қайратпен» өткен матч жайлы өз пікірін айтты.

- Соңына дейін тырыстық. Екінші таймда шаршап қалды, мұндай қарсыласпен ойнау өте ауыр болды. Енді бесінші орын үшін кездесуде жеңіске жетуге тырысамыз, - деді Тарас Королишин.

Естеріңізге сала кетсек, футзалдан Еременко кубогының А тобында «Қайрат» минскілік «Столицаны» 4:0 есебімен ұтты.