Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиаданың биатлоннан 10 шақырымға спринттік жарысы аяқталды.

Бұл сайыс қазақстандықтар үшін сәтті өтті. Ян Савицкий мәре сызығын бірінші болып кессе, Василий Подкорытов одан 15 секундқа қалып қойды – еншісінде күміс медаль. Ал үздік үштікті жапон биатлоншысы Микито Такизаки түйіндеді.

Басқа да қазақстандықтардан Максим Браун сегізінші орын алса, Антон Пантов одан бір саты төмен орналасты.

1. Ян Савицкий (Қазақстан) 26:59.2

2. Василий Подкорытов (Қазақстан) + 15.0

3. Микито Такизаки + 20.2

…8. Максим Браун +1:10.1

…9. Антон Пантов 1:53.2

Фото: Данияр Майлыбаев