Ағылшын чемпионатының бесінші лигасындағы «Саттон Юнайтед» клубының қақпашысы «Арсеналға» қарсы ойында дөнер жегені үшін қуылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Ойын басталмай тұрып, букмекерлер салмағы 125 келі тартатын қақпашы Уэйн Шоудың матч кезінде тамақ жейтін-жемейтіндігіне бәс тіккен. Матч соңында трансляция режиссері қосалқы құрамдағы ойыншыларды көрсеткенде қақпашы дөнер кебаб жеп отырған. Англия футбол қауымдасты бұған наразылық білдіріп футболшыға айыпппұл салды.