Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында трамплин жарысы өтті.

254.0 ұпай жинаған жапон Юкия Сато алтын медаль алса, оның отандасы Юкен Иваса күміс жүлдеге қол жеткізді – 251.0. Қазақстандық Сергей Ткаченко болса, 238.0 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

Осы жарысқа қатысқан басқа да қазақстандықтардың нәтижелері: Марат Жапаров — жетінші орын (198.5), Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко — тоғызыншы (178.5).