Синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрынғы мүшелері Әйгерім Жексембинова, Айсұлу Наурызбаева, Әйгерім Исаева, Амина Ермаханова мен Айнұр Керей-Баймаханова prosports.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді. Азия ойындарының қола жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Дмитрий Баландинді жала жапқаны үшін сотқа бермек. Бірнеше күн бұрын Дмитрий Баландин өзінің инстаграмм парақшасында синхронды жүзу спортшыларының ашық хатына байланысты «жоққа шығару» атты жазба жариялаған. Алайда, аталмыш дау-дамай жүзуші қыздардың назарынан тыс өтпей, олар Баландинге өз наразылығын білдірді. Кристина Тыныбаева мен Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитий Баландин өздерінің парақшасында жариялаған жазбасында «Ұлттық құрама мүшелеріне жала жапқан жоқпыз. Бүкіл шағымымыз нақты дәлелдермен келтірілген», - деді. Енді тармақтар бойынша жауаптарға көшейік: 2015 жылдың ақпан айынан қыркүйекке дейін Исаева Әйгерім мен Жексембинова Әйгерім жалақы алған жоқ. Алайда, Демченко Жанна Геннадиевна бізге жалақы төлеп беремін деп уәде берген. Ал жүзу киімдеріне келсек, хаттың 3-ші тармағында: «жүзу киімдерін өз ақшамызғы сатып аладық» деп анық жаздық. Ал Кристина Тыныбыаева өзінің жазбасында сөзімізді бұрмалап, «бізді киім алуға мәжбүрлемеді» деген. Бюджеттен бөлінген және демеушілердің ақшасына киім тимегені таң қалдырады. Құрама мүшелерінің басым көпшілігі Астана қаласының атынан өнер көрсетеді. Алайда, олар Астана қаласынан жалақы алған емес. 2010 және 2014 жлғы Азия ойындарының қола жүлдесі үшін де сыйақы алмадық. «Қазіргі құрама» бізді «жалған құрама» деп атап үлкен қателік жіберді. Шынын айтқанда біз ұлттық құраманың бұрынғы мүшелеріміз. Соған бола «жалған құрама» атанғанымыз ба? Қазіргі құрама мүшелері қаржы мәселесі жайлы көп нәрсені білмейді. Оған бірнеше мысал дәлел. Біріншіден, олар құрамаға бізден кейін келді. Басым көпшілігінің келгеніне бір жылдай ғана болды. Ал қалғандары 2015-2016 жылы синхронды жүзушілер құрамадан кеткен кезде ғана алынды. Сенбесеңіздер мұрағғатты көтеруге болады. Қазіргі құрамадағы қыздар қаржы мәселесі жайлы не біледі? Ештеңе.Баландиннің әңгімесі бөлек. Бәріміз білетіндей ол жүзуден Олимпиада чемпионы. Ал синхронды жүзу спортына оның қандай қатысы бар? Бапкер бізге жалақыны уәде еткенде Баландин қасымызда болған жоқ. Демченко тарапынан еңбек құқығының бұзылғанын білетіндей Дима синхронды жүзу құрамасымен бірге жарыстарға шықты ма? Диманың нені «жоққа шығаратынын» ұққан жоқпыз. Олимпиада чемпионының жағдайдың мән-жайын білмей тұра осындай шешім қабылдағаны дұрыс болмады. Біз сонда Демченко Жанна Геннадиевнаның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы алдадық па? Оның инстаграмм парақшасында достары өте көп. Аталмыш «жоққа шығару» жазбасымен ол бірнеше жерлестерімізді адастырды. Осының барлығын тұжырымдай келе біз Азия ойындарының қола жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері және синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрынғы мүшелері: Әйгерім Жексембинова, Айсұлу Наурызбаева, Әйгерім Исаева, Амина Ермаханова мен Айнұр Керей-Баймаханова қазіргі синхронды жүзу құрамасы мен Дмитрий Баландинге жала жапқаны үшін құзырлы органдарға шағымдануды жөн көрдік. Сол себепті тәжірибелі қорғаушыны жалдадық, - деді синхроншы қыздар.