Англия кубогының 1/8 финалында «Манчестер Юнайтед» «Блэкберннен» ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды.

Ойының 17-ші минутында Дэнни Грэм соққан голдың арқасында «Блэкберн» алға шыққан. Араға он минут салып Маркус Рэшфорд есепті теңестірді. «Манчестер Юнайтедке» жеңіс алып келген голды ойынға екінші таймда қосылған Златан Ибрагимович соқты. Қортынды есеп 1-2.