«Питтсбург» командасының капитаны Сидни Кросби «Виннипегпен» (4:3) ойын кезінде өзінің ҰХЛ-дағы 1000-шы ұпайын жинады.

Осы шайбадан кейін Кросби «Питтсбург» клубының тарихында атақты Марио Лемье мен Яромир Ягрдан кейінгі 1000 ұпай жинаған үшінші хоккейші болды.