Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Антальяда оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесу өткізді.

Владимир Никитенко шәкірттері ресейлік «Оренбург» жастарымен кездескен. Ойында есеп ашылған жоқ – 0:0.

Қазақстан жастар құрамасының негізгі құрамы: Зәкіров, Сұлтанов, Әбикен, Қасым, Люхай, Шәмши, Перцух, Қабылан, Соколенко, Нұрмұғамбет, Федин.

Ойынның ортасында алаңға шыққандар: Колбунцов, Кеңесбек, Шадманов, Әліпбек, Абылғазы, Зайнетдинов, Антипов, Гладченко, Өміртаев.

Келесі жолдастық кездесу 20 ақпанда «Ростовтың» дубліне қарсы өтеді.