Қазақстандық Михаил Кукушкин америкалық Мемфисте өтіп жатқан АТР турнирінің жартылай финалына шықты.

Ширек финалда Кукушкин жергілікті теннисші Стив Джонсонды екі сетте жеңді – 6:0, 6:4.

Жартылай финалда Михаил Николоз Басилашвили (Грузия) — Мэттью Эбден (Аустралия) матчының жеңімпазымен кездеседі.