Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович Еуропа лигасындағы «Сент-Этьенмен» болған ойын жайлы ойын білдірді.

«Әрбір ұтып алған жүлде мен үшін ерекше. Мен қай клубқа бармасам да жеңіске жетемін. Егер де мен «Манчестер Юнайтедпен» бір жүлде ұтып алсам бақытты болар едім. Адамдар менің көптеген клубта жанымды салып ойнағанымды біледі. Мен барған жердің бәрінде жеңіске жетемін. Мен Индиана Джонс сияқтымын», — дейді Ибрагимович.

Естеріңізге салсақ, Еуропа лигасының 1/16 финалында «МЮ» «Сент-Этьен» клубын қабылдап 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі үш голды да Златан Ибрагимович соқты.