Америкалық Дэниэл Джейкобстың бапкері Андре Розье қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы алдағы кездесу жайлы пікірін білдірді.

«Егер Дэнни алғашқы раундтарда жылдам шабуыл жасаса, нокаутқа мүмкіндігі бар. Бірақ біз жекпе-жектің ұзақ созылуына да дайынбыз. Қалай болатынын көре жатармыз. Дэнни өз жылдамдығын пайдаланып, кездесуді бақылауда ұстағанын қалаймын – асығудың керегі жоқ. Бұл стратегиялық жекпе-жек болады деп ойлаймын. Головкин – мықты панчер, сондықтан бізге ақылмен бару керек. Бірақ нәтижесі біреу болады: соңында мен «Иә, біз мұны жасадық» деп қолымды көтеріп тұрамын», - деді Розье AleetBoxing-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.