«Қайрат» футзал клубы ел біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеуде.

Қазақстан чемпионатының 14-ші турында Какау жаттықтыратын ұжым рудныйлық «Аятты» аямады. Алматылық клуб қонақтардың қақпасына 7 гол соғып, екі гол жіберіп алды. «Қайрат» сапында Дуглас пен Жаманқұлов дубль жасаса, Эвертон, Есенаманов пен Першин бір-бір голдан соқты. «Аят» сапында Лопатюк пен Солуменко көзге түсті.

Осылайша, екі дүркін УЕФА кубогының иегері ел чемпионатындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Футзалдан RBK-Қазақстан чемпионаты. 14-ші тур

«Қайрат» 7:2 «Аят»

Голдар: Эвертон 9, Есенаманов 16, Жаманқұлов 24, 29, Дуглас 32, 33, Першин 35 – Лопатюк 26, Солуменко 38

«Қайрат»: Янов, Ронкальо, Умешев, Жаманқұлов, Дрот, Сүлейменов, Першин, Эвертон, Дуглас, Есенаманов, Кабреува

«Аят»: Селиньо, Смолин - Майкон, Жайро, Эрик, Солуменко, Рындин, Сағындықов, Александров, Кузнецов, Чеботарев

Төрешілер: Валяев, Абраев (Алматы)

15 ақпан. Алматы, «Қайрат» СК