Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) бразилиялық Робсен Ассиспен болатын жекпе-жекке дайындығын аяқтады. Исламның соңғы жаттығуы Филадельфияда өткен. Боксшының өкілі Қанаттың спорттық бабында екенін айтып, кездесуге толығымен дайын екенін жеткізді. Ертең қарсыластар жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізеді.