Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA (super), IBO тұжырымдары бойынша ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Жанат Жақиянов СЦК-дағы баспасөз мәслихатында алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды «Қазақпарат». «Промоутер болуды жоспарламаймын. Енді мен өз белбеулерімді қорғап қалуым тиіс. Мүмкін тағы бірнеше белбеу қосып аламын. Сонымен қатар, өзім баптап жүрген жастармен тәжірейбе бөліскім келеді», — деді Жақиянов.