Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы II Әлемдік топтың плей-офф кезеңінде Канада құрамасымен кездесетін болды, деп хабарлайды Федерация кубогының ресми сайты.
Аталмыш кездесу 22-23 ақпанда Канадада өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Федерация кубогы бірінші тобының Азия және мұхит аймағының А тобынан сүрінбей өтіп, үздік 16 құрамалармен бақ сынауға мүмкіншілік алды.