«Тобылдың» жаңа қақпашысы Дмитрий Непогодов Қазақстан Премьер-лигасындағы қымбат голкиперлер қатарына енді.

Немістің Transfermarkt.de порталына қарар болсақ, 28 жастағы қақпашының трансферлік құны – 600 мың еуро. Мұндай көрсеткішпен ол ҚПЛ-дағы қымбат қақпашылар ішінде екінші орын алады.

Ал чемпионаттағы ең қымбат голкипер – Стас Покатилов. «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы 1 миллион еуроға бағаланған.

Үздік үштікті «Қайраттың» тағы бір қақпашысы Владимир Плотников түйіндеп тұр. Оның сатылым бағасы 400 мың еуроны құрайды.

Айта кетейік, Ненад Эрич («Астана»), Самат Отарбаев («Ақтөбе»), Денис Төлебаев («Ақжайық»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Саша Стаменкович («Оқжетпес», Сербия) секілді қақпашылардың трансферлер құндары – 300 мың еуро.