Ағылшын футбол ассоциациясы «Вест Хэмнің» бас бапкері Славена Билич пен көмкшісі Никола Юречевичке қарсы тәртіптік іс қозғады, деп хабарлайды ассоцияцияның ресми сайты.АПЛ-дың «Вест Бромвичке» (2:2) қарсы кездесуде хорватиялық маман телекомпания қызметкерінің микрофонын жұлып алып, алаңға қарай лақтырып жіберген. Ал Юрчевич ойынның 19-шы минутында бас төрешімен салғаласқаны үшін алаңнан қуылған. Осы қылықтарын Ағылшын футбол ассоциациясы спорттық емес әрекет деп танып, мамандардың үстінен тәртіптік іс қозғады. «Вест Хэм» клубының басшылығы 16 ақпанға дейін ресми түрде жауап қайтаруы тиіс.Айта кетейік, бапкерлер бір ойынға шеттетілуі мүмкін.